Атбасарда республикалық маңызы бар жолды су алды

11 Сәуір 2024, 20:25
313
Бөлісу:
Атбасарда республикалық маңызы бар жолды су алды

"Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 917-997 шақырымын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.

2024 жылғы 11 сәуірде сағат 20:00 Ақмола облысында су деңгейінің көтерілуінен және еріген қар суының салдарынан "Екатеринбург-Алматы" автомобиль жолының 917-997 шақырымының (Жақсы ауылы-Атбасар қ. учаскесі) жүру бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, табиғи апатқа байланысты Ақмола облысының үш ауданында төтенше жағдай жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы