Атамқұлов жаңа заң жобасымен таныстырды

30 Қараша 2021, 09:36
931
Бөлісу:
Атамқұлов жаңа заң жобасымен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Бәсекеге қабілетті өнім өндірісін ұлғайту және дамудың шикізаттық моделінен ауысу арқылы өңдеуші өнеркәсіптің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы әзірленді, -деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес заң жобасын ағымдағы жылдың соңына дейін қабылдау қажет. Заң жобасының негізгі жаңалықтары мынандай:

Бірінші. Дайын өнімді өткізу және ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру үшін жер қойнауын пайдаланушылар мен ұлттық компаниялардың қатысуымен офтейк-келісімшарттар мен офсеттік шарттар пайдаланылады.

Екінші. Кәсіпорындардың сұранысы бойынша ынталандырудың жаңа құралы – өнеркәсіптік грант әзірленді. Ол қоса қаржыландыру арқылы өндірісті жаңғыртуға беріледі.

Үшінші. Заң жобасында ішкі нарықта ілгерілету шаралары көзделген. Бұл бағыттағы негізгі жаңалық - «жергілікті қамту» термині «ел ішіндегі құндылық» болып өзгертілді.

Төртінші. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберіндегі тапсырмасын орындау үшін, бәсекеге қабілетті баға белгілеу және шикізатты толық көлемде жеткізу бойынша, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету бойынша келісім жасасу жөнінде жұмыс жүргізді.

Бесінші. Тиімді кәсіпорындарға шоғырландыру үшін қолдау шаралары басым тауарлар тізбесіндегі өндірушілерге ғана көрсетіледі. Тізбе өңдеуші өнеркәсіп салаларын қалыптастыратын орта және жоғары деңгейдегі 4 мыңнан астам тауардан тұрады.

Алтыншы. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру туралы келісім жасасу арқылы ынталандыру шараларының кешені көзделген. Бұл кәсіпорындарға өз қызметін орта және ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы