Атамқұлов өңдеуші өнеркәсіпті дамыту міндеттерін атады

30 Қараша 2021, 09:32
1219
Бөлісу:
Атамқұлов өңдеуші өнеркәсіпті дамыту міндеттерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында «Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту туралы» баяндамасында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2025 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіп өсімін 1,5 есеге арттыруды тапсырған болатын. Бұл мақсат Nur Otan партиясының сайлауалды тұғырнамасында да көрініс тапқан, - деді министр.

Атамқұлов оған жету үшін екі негізгі міндет қойылғанын атап өтті.

Біріншіден, индустрияландыру картасы және ірі инвестициялық жобалар шеңберінде өңдеуші өнеркәсіп салаларында жаңа жобаларды іске қосу. Екіншіден, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасында көзделген өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандырудың жаңа шараларын іске асыру, - деді Бейбіт Атамқұлов.

Өзгелердің жаңалығы