Атамқұлов Маминге уәде берді

16 Қараша 2021, 14:41
898
Бөлісу:
Атамқұлов Маминге уәде берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың бірлескен және өзара келіскен жұмысына байланысты.

Осы мәселені шешудің бір жолы - халықты суды тиімді пайдалануға ынталандыру. Қолайлы өмір сүру үшін жеткілікті оңтайлы тұтыну нормасын айқындай отырып, сараланған тарифтерді енгізу қажет. Барлық өңірде су тұтынуға кешенді талдау жүргізу және оның негізінде отбасына оңтайлы тұтыну нормасын айқындау керек. Бұл ауызсумен жабдықтау өндірісіне және сарқынды суларды тазартуға жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді, - деді ол Үкімет отырысында.
Атамқұлов әкімдіктер халықты сумен 100 % қамтамасыз ету үшін 2023 жылға дейін жобалау-сметалық құжаттаманы сапалы әзірлеуі және гидрогеологиялық жұмыстарды аяқтауы, халқы аз ауылдарда кешенді блок-модульдер орнатуды жеделдетуі қажет екенін түсіндірді.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы, халықты ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі министрліктің тұрақты бақылауында және Мемлекет басшысының халықты бес жыл ішінде ауызсумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы орындалады, - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Өзгелердің жаңалығы