Атамбаевтың жағдайы ауыр – адвокат

8 Маусым 2021, 15:15
8667
Бөлісу:
Атамбаевтың жағдайы ауыр – адвокат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев жедел түрде ауруханаға жатқызылуы керек. Бұл туралы оның қорғаушысы Замир Жоошев айтты, деп хабарлады 24kg.

Оның айтуынша, Атамбаевтың жағдайы ауыр, созылмалы аурулары асқынып кеткен. Инфаркттың алдында пайда болатын белгілері бар. Әсіресе, бел тұсындағы ауырсыну мазалайды. Алайда сот тағайындаған сот-медициналық сараптама әлі де аяқталмады.

Алмазбек Атамбаевқа кешенді медициналық ем қажет. Түрме жағдайында оған тиісті медициналық көмекті алу мүмкін емес. Біз Атамбаевты ауруханаға жатқызу мақсатында қабылданған санкциялардың үйқамаққа ауыстырылуы жөнінде өтініш жасадық. Бірақ біздің өтінішіміз қабылданбады, - деді Замир Жоошев.

Еске салсақ, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Оның ішінде 2019 жылғы 7-8 тамызда Қой-Таш ауылындағы жаппай тәртіпсіздік фактілері, қылмыстық кірістерді заңдастыру, сыбайлас жемқорлық фактілері де бар. 


Өзгелердің жаңалығы