Атамбаевтың көмекшісі премьер-министр болды

4 Ақпан 2021, 00:05
2039
Бөлісу:
Атамбаевтың көмекшісі премьер-министр болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Жогорку Кенеші үкіметтің жаңа құрамы мен құрылымын бекітті. Елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі Улукбек Марипов Қырғызстан премьер-министрі атанды. Бұл туралы АКИPress хабарлады.

3 ақпанда Жогорку Кенештің депутаттары премьер-министр қызметіне 41 жастағы Улукбек Мариповтің кандидатурасын мақұлдады. Бұған дейін ол Қырғызстан Қаржы министрлігінде, Президент кеңсесінде, Төтенше жағдайлар министрлігінде, Үкімет кеңсесінде түрлі қызметтерде жұмыс істеген және экс-президент Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі болған.

Сондай-ақ, үкіметтің құрылымы мен құрамы да бекітілді. 

Осылайша, 34 жастағы Артем Новиков бірінші вице-премьер, 46 жастағы Әсел Чынбаева әділет министрі, 61 жастағы Алымқадір Бейшеналиев Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі болды.

Өзгелердің жаңалығы