«Ата-мекен 2021» қаржы пирамидасын ұйымдастыру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

21 Қыркүйек 2022, 13:44
1138
Бөлісу:
«Ата-мекен 2021» қаржы пирамидасын ұйымдастыру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Ата-мекен 2021» қаржы пирамидасын ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2021-2022 жылдар аралығында «Ата-мекен 2021» тұтыну кооперативінің басшысы мен менеджерлері инвесторларға Ақтау қаласында жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ жаңа және пайдаланылған автокөліктерді тиімді шарттармен пайызсыз және үстеме төлемсіз бөліп төлеу принципі бойынша сатып алуды ұсынды, бағдарламалар бойынша 25 000 000 теңгеге дейін автокөлік және 50 000 000 теңгеге дейін жылжымайтын мүлік сатып алуға болатын, - делінген хабарламада.

Осылайша, аталған кооператив әрекеттерінде қаржылық пирамида ұйымдастырудың белгілері анықталып отыр. Анықталған шығын көлемі 50 миллион теңгені құрайды, күдіктілердің мүлкі мен есепшоттарына тыйым салынды. 

ҚПК 201-бапқа сәйкес тергеп-тексеру мүддесiне қатысты өзге де мәлiметтер жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы