Ата-аналар материализмге ұрынып қалған – ҮЕҰ директоры

18 Қазан 2023, 13:16
770
Бөлісу:
Ата-аналар материализмге ұрынып қалған – ҮЕҰ директоры
Фото: автордан

Бұл туралы Қазақстанның ХI Азаматтық форумында «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы филиалының директоры Дәурен Бағжанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір ата-аналар бала-шағаға нан табам деп материализмге ұрынып қалған. Көп уақытты соған жұмсап, тәрбиеге аз уақыт арнайды. Сол мәселені біз көтеріп жүрміз. Министрліктен бастап, жеке кәсіпкерлерге дейін жеткізгіміз келетіні кез келген ата-ананы жұмыс уақытынан тыс жұмыста ұстамасын. Ол уақытта ата-ана баласына көңіл бөлу керек, - деді ол.

Бағжановтың айтуынша, қоғамдық бірлестіктің республика бойынша 14 филиалы бар. Ал мүшелікке 120 мыңнан астам ата-аналар тіркелген.

Басты миссиямыз қоғамда саналы ата-аналар мәдениетін қалыптастыру. Бұл форумға өз миссиямызды қалған үкіметтік емес ұйымдарға жеткізу үшін келдім. Абай атамыздың сөзі бар ғой: «Бала тәрбиесі басты байлығың, Кешіксең, көретінің қайғы-мұң». Біз балаларымызға қандай тәрбие береміз сондай болашақта өмір сүреміз. Осы ойды әрбір делегатқа жеткізгім келеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы