Ата-ана болуды үйрену керек пе?

10 Маусым 2021, 19:40
3185
Бөлісу:
Ата-ана болуды үйрену керек пе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асырап алушы ата-аналар мектебі – болашақ тәрбиешілер, ата-аналар баланы жақсы түсінуге, сенімді қарым-қатынас орнатуға және қиын жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге үйренетін оқу курсы. Осындай курстан елордалық ерлі-зайыпты Талғат пен Дина өтті.

Астаналық ерлі-зайыпты Талғат пен Дина ұзақ уақыттан бері баланы өз қамқорлығына алу туралы ойлап жүрген. Осы сұрақ бойынша олар Нұр-Сұлтан қаласының қамқоршылық бөліміне жүгінген.

Бізге ата-аналарды оқыту курстарынан сертификат қажет екендігі туралы айтылды. Біз бірнеше мектепке жазылған едік, SOS балалар ауылында бос орын болды. Басында мен аталған оқудан ерекше үміт күткен жоқпын. Мен бала тәрбиелеу жайлы бәрін білемін ғой, олар маған не үйретпекші? Алайда алғашқы сабақтардан кейін мен өз ойымды өзгерттім, - дейді Талғат.

Асырап алушы ата-аналар мектебі – болашақ тәрбиешілер, ата-аналар баланы жақсы түсінуге, сенімді қарым-қатынас орнатуға және қиын жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге үйрететін оқу курсы. Осындай мектептер Алматы, Нұр-Сұлтан және Теміртаудағы SOS балалар ауылдарында жұмыс істейді. Іс-шара «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдауының арқасында жүзеге асырылып жатыр.

Бұрын оқу курсынан өту міндетті болмаған. Ал 2020 жылдың шілдесінен бастап оқудан өткен туралы сертификат баланы қамқорлыққа алуға өтініш беру құжаттар тізіміне енгізілді. Соған қарамастан, көптеген болашақ қабылдаушы ата-ана оқыту курсына күмәнмен қарайды, жай «бір жапырақ қағаз» үшін келеді. Біз қалыптасқан осындай көзқарасты өзгертеміз. Қатысушылар ата-ана мен баланың рөлін ойнап, барлық эмоция мен сезімді бастан кешіріп, баланы түсініп қабылдауды үйренеді, - дейді жобаның үйлестірушісі және оқу курсының жаттықтырушысы Светлана Третьякова.

Оқу курсының бағдарламасын Білім және ғылым министірлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті үйлестіріп, бекітті. Оқу курсы тегін, демалыс күндері бірнеше апта бойы өтеді. Сабақ ұзақтығы – 4 немесе 6 сағат. Жалпы сабақ циклы баланы асырап алуға байланысты жауапкершілік пен асыранды баланың ерекшіліктерін дұрыс түсінуді қалыптастырады.

Егер отбасы ерлі-зайыпты болса, ата-аналардың екеуі де сабаққа қатысуы керек. Сонымен қатар оқу курсы қатысушыларды сараптау құралы ретінде де қызмет атқарады. Курсқа жазылып, дайындықты бастаған адамдардың барлығы бірдей оқуды сәтті аяқтамайды. Оқу барысында немесе оқуды аяқтағаннан кейін мұндай жауапкершілікке дайын емес екенін түсінуі мүмкін. Жаттықтырушылардың айтуы бойынша, бұл көрсеткіш те жақсы, өйткені балалардың кері қайту қаупі азаяды. 2020-2021 жылдар аралығында үш қалада 179 болашақ ата-ана оқу курcын аяқтады. Олардың 50-і қазіргі таңда баланы қабылдап үлгерсе, тағы 55-і құжаттарды даярлау үстінде.

Талғат пен Дина – оқу курсын табысты аяқтаған түлектердің бірі.

Алдымен біз кішкентай баланы алғымыз келді. Бірақ балалар аз және өз балаңызды тапқанша біраз уақыт өтеді. Оқу барысында біз бір отбасынан шыққан 10, 9 және 6 жастағы үш баламен кездестік, - дейді Талғат.

Жұбайы екеуі балаларға «қонақжай отбасыға» айналып, бірнеше ай бойы оларға демалыс және мереке кезінде балалар келіп тұрды.

Бізге бұл қиын болады деп айтты. Үш баланың үшеуі де әр түрлі. Тренинг көмегі тиді, себебі біз тап болған жағдайларды оқу барысында талқылап, талдаған едік. Содан болар мен балалардың өзін қалай ұстайтынын және біз ата-ана ретінде не істеу керек екенін білдім, - дейді отағасы.

Қазір Талғат пен Дина балаларды өз қамқорлықтарына алып кету үшін құжаттарын дайындау үстінде. Енді үш бала толыққанды отбасын тауып, қамқорлық, жылулық пен сүйіспеншілікке бөленетін болды.

Өзгелердің жаңалығы