Ат спортынан қос қазақстандық Ресейде шеберліктерін шыңдауда

10 Шілде 2021, 02:38
1060
Бөлісу:
Ат спортынан қос қазақстандық Ресейде шеберліктерін шыңдауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ат спортынан қазақстандық спортшылар Ресейде біліктілігін арттырып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан құрамасының мүшелері Ғани Аян мен Шыңғыс Маликаждар Ресейдің Мәскеу облысында оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Аталған жаттығу жиыны Мәскеуде ат спортынан өтетін әлем кубогі кезеңіне дайындық ретінде ұйымдастырылған. 

Айта кетерлігі, 27 маусым күні басталған оқу-жаттығу жиыны 14 шілдеге дейін жалғасады. 


Өзгелердің жаңалығы