Ат спортынан кәсіби мамандар даярлау қолға алынды

22 Қазан 2023, 18:49
570
Бөлісу:
Ат спортынан  кәсіби мамандар даярлау қолға алынды
Фото: gov.kz

Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті Қайрат Закирьянов мен ҚР этноспорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев екіжақты келісім шартқа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мақсат - бірлесе отырып ұлттық спорт түрлерінен, соның ішінде ат спортын дамыту мақсатында білім беру бағдарламасын құрастыру.

Аударыспақ, жамбы ату, көкпар, бәйге сияқты ұлттық спорт түрлері - ата-бабаларымыз мұра еткен асыл қазына. Атқа міну, шабу – біздің қанымызда бар қасиет. Ұлттық құндылығымызды жоғалтпай, халықаралық дәрежеде көтеруді қолға алғанымыз жөн. Ат спортын дамыту үшін барынша қызмет етуге Қазақ спорт және туризм академиясы да әрдайым ықыласты, - деді Қайрат Закирьянов.

Алдағы уақытта білім беру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шараларды өткізу жоспада тұр.

Өзгелердің жаңалығы