«Ат құлағында ойнайтын қыз». Арабтарға бәсекелес болған Гүлімнің арманы

«Ат құлағында ойнайтын қыз». Арабтарға бәсекелес болған Гүлімнің арманы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ат спортының шебері Гүлім Аяғанова БАӘ Президенті кубогінің үш мәрте жүлдегері атанған. 

Шабандоздың мінезі

 Гүлім Аяғанова 1992 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қарақамыс ауылында дүниеге келген.

«Ат құлағында ойнайтын қыз». Арабтарға бәсекелес болған Гүлімнің арманы

Отбасында үш ағайындымыз. Мен үйдің кенжесімін. Анам ұлағатты ұстаз, қазір зейнетке шыққан. Әкем-қарапайым жұмыскер. Жоғары білімді  Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтының «аударма ісі» мамандығы бойынша алдым. Ағылшын тілін сол кезден жақсы меңгергенмін, өз ана тілім мен орыс тілін қоспағанда, хинди тілінде де еркін сөйлей аламын, - дейді Гүлім Қанатызы.

Шабандоздың айтуынша, ауылдың қарапайым қызы болған соң, атқа еркін мініп, шаба алады. Кішкентай кезінен жылқы жануарына жақын болған.

Үйдегілердің айтуы бойынша, мен кішкентайымнан ештеңеден қорықпайтын, қайсар мінезді болған екенмін. Тіпті кішкентай кезімде жылқы атаулыға жүген салмай-ақ отырып, шабатын кездерім болыпты. Сондықтан жылқыға деген махаббат уақыт өте келе пайда болды деп айта алмаймын, ол біздің, яғни әрбір қазақтың бойында бар нәрсе. Қазақ үшін жылқының алар орны әрқашан ерекше, - дейді Гүлім Аяғанова. 

«Ат құлағында ойнайтын қыз». Арабтарға бәсекелес болған Гүлімнің арманы

Дубайдағы атқора

Гүлім қазір Дубайда ат спорты бойынша жаттығады. Осы елде 7 жыл қатарынан тұрып жатқанын айтты. Ол бұл салаға қалай келгенін де айтып берді. 

Бір досымның айтуы бойынша  Дубайдағы атқора (конюшня) туралы естідім. Дубайға барган кезімде сол жердің бастығымен кездесіп, оларда жұмыс істегім келетінін жеткіздім. Ол кісі мені атқа мінгізіп, сол жерде білетінімді көрсетуімді сұрады. Одан кейін мені жұмысқа алуға келісті. Осы сәттен бастап жарысу үшін рұқсат алып, біліктіліктен өтіп,әртүрлі додаларға қатыса бастадым. Бүгінгі күнге дейін 100-ге жуық жарысқа қатыстым. Дубайда Al Jiyad Stables атқорасының атынан жарысқа қатысамын. Бірақ есімім Қазақстан Туымен бірге жазылады. Халықаралық жарыстарға да үзбей қатысып тұрамын. Олардың нәтижесінде халықаралық 3 жұлдыз дәрежесіне ие болдым. Ол ең жоғары дәреже болып есептеледі, - деді Гүлім Аяғанова. 

«Ат құлағында ойнайтын қыз». Арабтарға бәсекелес болған Гүлімнің арманы

Сондай-ақ «аттың құлағында ойнайтын» ару Ресейде өткен Евразия кубогінде  5-орын алған. Ал командалық есеп бойынша 2-орынға ие болған. 

Халықаралық сайыстың ауқымы басқаша ғой, көп дайындықты, өжеттілікті, шыдамдылықты қажет етеді. Қазір жұмысымның бәрі атпен байланысты болған соң, біліктілік кезеңдерінен өтіп, жарыстарға жолдама алу- басты мақсатым. Сондықтан көп дайындаламын, күтіп тұрған талай сындар болады, мысалы, әртүрлі дене жарақатын аласың, олардан да мойымай өтуге тырысамын.  Себебі «еңбегім жансын десең, ебін тап» дейді ғой. Соның арқасында алған жүлделерім аз емес. Әбу-Дабиде өтетін БАӘ Президентінің кубогі – ең маңызды сайыс, ол жерде үш мәрте жүлдегерлер қатарында болдым. 2020 жылы ат спортынан «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын алдым. Бұл - мен үшін үлкен жетістік. Алайда өз біліміммен, көрген-түйгеніммен өз елімде бөліссем деген арманым бар. Отбасыңнан шалғайда өмір сүру қиындау, - деп бөлісті шабандоз. 

«Ат құлағында ойнайтын қыз». Арабтарға бәсекелес болған Гүлімнің арманы

«Қазақтың атын әлемге таныту»

Сондай-ақ кейіпкеріміз арудың «аттың құлағында ойнауына» қатысты өз пікірін білдірді.

«Ат құлағында ойнайтын қыз». Арабтарға бәсекелес болған Гүлімнің арманы

Әрине, нәзік жандылардың аттың құлағында ойнап, шапқандарын көргенде таңданатын адам көп. Менің ойымша, интеллектуалдық жағынан да, физикалық потенциалы жағынан да, әйелдер ерлерден қалыспайды. Әйелдің болмысы сондай, махаббат пен энергиясын таратқанда ғана бақытқа бөленеді. Өз басым, атқа мінген кезде ерекше күш-жігерді, еркіндікті сезінемін, демалып, сергіп қаламын. Халқымыз байырдан жылқыны құрметтеп, қасиеттеп, жоғары бағалаған. Мінсең – көлік, ішсең – қымыз. Жылқы – қазақы болмысымыздың басты нышаны, жеті қазынамыздың бірі, - дейді Гүлім.

Гүлім Қанатқызы ат спортына қатысты асқақ арманы қандай екенін де айтты. 

«Ат құлағында ойнайтын қыз». Арабтарға бәсекелес болған Гүлімнің арманы

Ат спортына қатысты арманым  - ол дамыту, балаларға мектеп ашу, өзіміздің қазақстандық жылқыларды көбейтіп, оларды жарыстарға шығарып, қазақтың атын әлемге таныту, - деп түйіндеді ол. 

 

Бөлісу: