Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы жеңімпаз атанды

Кеше, 19:01
147
Бөлісу:
Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы жеңімпаз атанды
Фото: t.me/qazsporttv

Асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанмен кездесті.

Алау мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық асықшылар қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктірді. 

Айта кетейік, асық атудан Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде Өзбекстан, Испания, Грузия, Мажарстан және Монғолия құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы