Қасым-Жомарт Тоқаев: Астананың атауын өзгерту – тарихи жаңалық

27 Наурыз 2019, 14:00
2463
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Астананың атауын өзгерту – тарихи жаңалық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдері, республикалық маңызы бар қалалар, облыстардың әкімдіктерімен, сондай-ақ Үкімет мүшелерінің қатысуымен өткен кездесу барысында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев елорданы, қала көшелерін қайта атау туралы қабылданған шешімдер Елбасының тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретіндегі еңбегін ерекше атап өткен тарихи оқиға екенін атап өтті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған байланысты, елорда әкіміне барлық мүдделі қызметтер мен ведомстволардың астананы қайта атауына байланысты жұмысын реттеуді тапсырды.

Бұдан басқа, Үкіметке электронды және туристік визалар туралы нормативті-құқықтық актілерге қажетті түзетулер енгізу тапсырылды.

Сонымен бірге, Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктері бұрынғы құжаттар бойынша олардың мерзімінің аяқталуына дейін қайта аталуға байланысты бюрократиялық кедергілер жасамауы тиіс екенін атап өтті.

Бұған дейін Тоқаев бюджет қалыптастыру әдісін қарауды тапсырған болатын.


Өзгелердің жаңалығы