Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа барды

11 Қазан 2019, 11:38
1918
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының Кеңесіне қатысу үшін Ашхабадқа келді. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

Қазақстан президенті Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі деп жоспарланған. 

71871826_2348098598646892_529675604828618752_n.jpg

"ТМД елдері басшыларының саммитінде мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамыту бойынша өзінің көзқарасын білдіріп, Достастық елдерінің өзара экономикалық байланыстарын арттыру шаралары бойынша нақты ұсыныстарын айтпақ", - деп жазды ол.
72597708_2348098631980222_6637868859296579584_n.jpg

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ашхабадта бірқатар көпжақты келісімдерге қол қойылады. Сондай-ақ, жеңістің 75 жылдығына орай, ТМД халқына және әлемдік қоғамдастыққа Үндеу жарияланбақ.



Өзгелердің жаңалығы