Асылов: Барлық қылмыстық істер бойынша түпкілікті шешімдер халықтың назарына жеткізілетін болады.

14 Наурыз 2022, 11:20
1294
Бөлісу:
Асылов: Барлық қылмыстық істер бойынша түпкілікті шешімдер халықтың назарына жеткізілетін болады.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде Қаңтар оқиғасына қатысты жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Қылмыскерлерді іздеу, дәлелдемелерді жинақтау мен бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.Тергеу құпиясы және кінәсіздік презумпциясына қатысты, заңнама талаптарын ескеріп, мен, тергеліп жатқан істер бойынша шектеулі, деректерді ғана келтірдім. Естеріңізге салайын, тергеу мерзімі екі айдан сәл ғана асты. Мұндай ауқымды, трагедияның барлық мән-жайын анықтау үшін, бұл уақыт жеткіліксіз. Көп жағдайда куәлар жоқ, - деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар сот сараптамаларының нәтижесін күтіп отырғандарын алға тартты. 

Кешенді сот сараптамалары және баллистикалық зерттеулер тағайындалды. Нәтижелерін күтудеміз. Осының барлығы: фигуранттардың қатысу дәрежесі мен рөлін дұрыс саралау, ұйымдастырушылар мен орындаушыларды анықтау және ұрланған қаруды табу үшін қажет. Дей тұрғанмен, барлық қылмыстық істер бойынша, түпкілікті шешімдер  міндетті түрде  халықтың назарына жеткізілетін болады, - деді Бас прокурор. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Берік Асыловтың «Дикий Арманға» қатысты не айтқаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы