Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов хабарлады.
Алматыда және басқа да ірі қалаларда қылмысты жасыру үшін 800-ден астам видеокамераны қиратқан. Басып алынған қаруды, азық-түлікті және ауыз суды, жеткізу ұйымдастырылған. Такси, жүк көліктері мен автобустардың жүргізушілерін көшені жауып тастауға мәжбүрледі. Яғни бейбіт азаматтарды «тірі қалқан» ретінде пайдаланған. Арнайы автокөліктер мен басқа да жүк машиналарын таран ретінде пайдаланды, - деп атап өтті Бас прокурор.
Оның айтуынша, олар қоршауды қалай бұзу керектігін біліп, полицияға шабуыл жасады, атыс қаруын алу үшін, аңшы дүкендерін тонаған. Сонымен қатар телеэфирге шығуға тырысты, ол іске аспай қалған кезде, телекомпания кеңселерін тонап, өртеп жіберген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура қаңтар оқиғасына қатысты барлық сұрақтарға жауап беруге дайын екендігін айтқан болатын.