Бас прокурор қаңтар оқиғасына қатысты барлық сұрақтарға жауап беруге дайын екенін айтты

14 Наурыз 2022, 10:37
1725
Бөлісу:
Бас прокурор қаңтар оқиғасына қатысты барлық сұрақтарға жауап беруге дайын екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Бас прокурор Берік Асылов хабарлады. Оның айтуынша, "Қаңтар оқиғаларына" қатысты сұрақтардың барлығы жауапсыз қалмайды. 

Бас прокуратураға «Қаңтар оқиғаларына» қатысты депутаттық сауал келіп түсті. Азаматтар тергеудің қалай жүріп жатқанын, адамдардың өлімінің мән-жайын, азаптауға қатысты тергеудің қаншалықты әділ өтіп жатқаны жайлы білгісі келетінін түсінеміз. Бүгін осы сұрақтардың барлығына жауап беруге тырысамын, - деді Бас прокурор. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокуратура қаңтар оқиғасына қатысты бейнеролик жариялағаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы