АSYL NIET-тестер тағы бір отбасыға баспана сыйлайды

17 Ақпан 2024, 18:10
2437
Бөлісу:
АSYL NIET-тестер тағы бір отбасыға баспана сыйлайды
PHOTO

Бүгін 17 ақпан – Халықаралық мейірімділік көрсету күні. АSYL NIET қоғамдық бірлестігі өзінің құрылғанына көп болмаса да, биыл екінші рет атаулы күнге орай қайырымдылық аукционын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Таңғы аспен ұйымдастырылған бұл шараға жақсылыққа құштар жандар атсалысты. Аукционға танымал суретшілердің картиналары, сондай-ақ белгілі эксперт мамандардың кеңесі, брендтік бұйымдар да ұсынылды. Лотқа ұсынылған заттардың ең төмені 200 мыңға өтсе, ең қымбаты 800 мыңға бағаланып, өз иесін тапты.

АSYL NIET-тестер тағы бір отбасыға баспана сыйлайды

Бұл шарада тек қана аукцион емес, жәрмеңке базарына да қайырымдылыққа отандық дизайнерлер мен Асылниеттің серіктестері тарапынан құнды заттар сатылымға шықты.

АSYL NIET-тестер тағы бір отбасыға баспана сыйлайды

Шарада 5 млн-ға жуық сумма жиналды.

Ең бастысы, осы жиналған қаражат 3-топ мүгедегі, 3 баланың анасы, Самалдың тұрмыстық жағдайын жақсартуға жұмсалмақ. Самал бірнеше жылдан бері онкологиялық аурумен күресіп келе жатқан жан. Ол қазір Астана қаласында 30 000 теңге тұратын бөлмені жалға алып, отбасымен сол суық үйді паналап отыр. Денсаулығына байланысты толық қанды жұмысқа да жарамсыз. Көмекке мұқтаж жан. 

Бүгінгі шарадан жиналған қаражатқа үй алу жоспарлануда.

Аукцион мен базардан жиналған барлық қаражат және де басқа да демеушілердің көмегімен Каримова Самалға көмек беріледі. Үй табу, алу барлық процесс біздің қоғамдық бірлестік тарапынан бақыланады, – деді АSYL NIET қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанар Сулейменова.

АSYL NIET-тестер тағы бір отбасыға баспана сыйлайды

Сондай-ақ бірлестік төрайымы ізгі ниет пен қамқорлықты, көмек қолын созатын адами қасиеттің сақталғаны қуантатынын айтты.

Бүгінгі демалыс күнгі уақыттарыңызды ізгі іске бөліп, қайырымдылық аукционына қатысқан барлық жанға алғыс білдіремін. Өзгеге жан жылуын, ізгі ниет пен қамқорлықты, көмек қолын созатын адами қасиеттің сақталғаны қуантады. Біздің қоғамда жақсылықты ғана насихаттап, бір-бірімен жақсылық жасаумен ғана жарысса екен, – дейді АSYL NIET қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айжан Мұқатаева.

АSYL NIET-тестер тағы бір отбасыға баспана сыйлайды

Былтыр 17 ақпанда өткен дәл осындай шарада онкологиялық аурумен күресіп отырған, көпбалалы әйелдің отбасына, жатақханадан 1 бөлме жеке меншігіне алынған болатын.

АSYL NIET-тестер тағы бір отбасыға баспана сыйлайды



Асылниеттестердің басты мақсаты – осындай ауыр жағдайға тап болған жанның бір ауыртпалығын болса да жеңілдетіп, оларға үміт отын сыйлау.

Өзгелердің жаңалығы