«Asyl arna» телеарнасының орнына «Тәлім ТВ» арнасы ашылады

7 Қараша 2020, 12:27
3037
Бөлісу:
«Asyl arna» телеарнасының орнына «Тәлім ТВ» арнасы ашылады

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Asyl arna» телеарнасының бас директоры Мұхамеджан Тазабек бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Халық арна» телеарнасының жұмысына қатысты өткен онлайн брифинг барысында айтты.

«Халық арна» телеарнасының ашылуын біз үлкен қуанышпен қабылдадық. Себебі, бұл көптен жасалуы керек шаруа болатын. Жалпы, «Asyl arna» телеарнасы 10 жыл бұрын ашылған кезде де сол кездегі бас мүфти Әбсаттар Дербісәлі ағамыздың алдынан өтіп, осы діни басқарманың мүмкіндігін пайдалана отырып жүргізуіміз керек болған. Бірақ, ол кезде ҚМДБ-ның әлеуеті оған толық жетпеді, мүмкіншілігі келмеді. Сол себепті, бұл арнаны ұйымдастырып, осы күнге дейін алып келуге күш жұмсадық, - деді ол. 

Телеарна басшысы бүгінгі таңда ҚМДБ-ның қоғаммен байланыстың барлық салалары тұрғысынан жеке телеарна ашатындай мүмкіндігі болғандықтан, «Asyl arna» телеарнасының жұмысын тоқтатуға шешім қабылдап отырғанын жеткізді.

Қазір ҚМДБ-ның кадрлық, қаржылық жағынан да, қоғаммен байланыстың барлық салалары тұрғысынан да жеке телеарнасын ашатындай және оны ұстап тұратындай мүмкіндігі болғандықтан, біз «Asyl arna» телеарнасының жұмысын тоқтатуға шешім қабылдап отырмыз. Арнаның көрермендерін жетімсіретіп қалдыра алмаймыз, сондықтан, «Тәлім ТВ» деген жаңа телеарнаның тұсауы кесіледі. Бұйырса, 2021 жылдан бастап «Тәлім ТВ» өз жұмысын бастайды. Яғни, «Asyl arna»-ның діни контенті діни басқарманың «Халық арнасына» өтіп, орнына жаңа телеарна ашылады, - деді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы