Асу Алмабаев Brave CF 57 турнирінде әзірбайжандық файтерді жеңді

12 Наурыз 2022, 03:08
1402
Бөлісу:
Асу Алмабаев Brave CF 57 турнирінде әзірбайжандық файтерді жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (14-2) Бахрейнде аралас жекпе-жектен Brave CF 57 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол жеңіліп көрмеген әзірбайжандық Имран Магарамовпен (4-0) кездесті. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті. Үш раундқа жоспарланған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Асу жеңіске жетті.

Осылайша, Асу Алмабаев ММА-дағы кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Имран Магарамов алғашқы жеңілісіне ұшырады. Алмабаев үшін бұл қатарынан он бірінші жеңіс екенін айта кетейік. Бахрейндік Хамза Коеджи (11-2) және канадалық Брэд Катона (10-2) Brave CF 57 турнирінің басты айқасында шайқасады.

Өзгелердің жаңалығы