Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Асу Алмабаев Абу-Дабиде өткен UFC турнирінде жеңіске жетті

27 Шілде 2025, 04:31
844
Бөлісу:
 ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Казақстандық файтер Асу Алмабаев перулық Хосе Очоаны үш раундқа созылған жекпе-жекте жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның бұрышында DAR Team командасындағы серіктесі Шавкат Рахмонов болды.

Қазір 31 жастағы Алмабаевтың көрсеткіші – UFC-де 5 жеңіс, 1 жеңіліс, жалпы ММА-да 22 жеңіс, 3 жеңіліс. Ол жеңіл салмақта UFC рейтингінде тоғызыншы орында тұр.

Ал 24 жастағы Хосе Очоа бұл жекпе-жекке қысқа мерзімде келісім берген. Ол 14 маусымда ғана өнер көрсеткен және бұл жекпе-жекте оң нәтиже көрсеткен өзбекстандық Рамазан Теміровтің орнына шықты. Қазір UFC-де оның көрсеткіші – 1 жеңіс, 2 жеңіліс, жалпы ММА-да – 8 жеңіс, 2 жеңіліс.

Өзгелердің жаңалығы