Астық жинау науқанында СҚО-да 10 қылмыстың беті ашылды

4 Қыркүйек 2020, 15:20
1432
Бөлісу:
Астық жинау науқанында СҚО-да 10 қылмыстың беті ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері жұмыстарын «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жалғастыруда, деп хабарланды Polisia.kz сайтында.

Тәртіп сақшыларының жұмысы егін ору науқаны кезеңінде диқаншыларға көмек көрсетуге, жаңа астық дәндерін, жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерінің сақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Жұмыс аграрлық кәсіпорындардың қауіпсіздік қызметтерімен тығыз қарым-қатынаста жүргізілуде. 

Тамыздың 25-сі Тайынша ауданында жүргізілген рейд барысында учаскелік полиция инспекторы мен ЖШС бірінің өзіндік қауіпсіздік қызметкерлерінің назары тіркемемен бидай тасымалдап жүрген тракторға түседі. Бидай артылған техника ЖШС-ке қарай емес, ауыл жаққа қарай бет алған. Күмәнді көлік туралы хабарлама аудандық полиция бөліміне жолданды. Тексеріс барысында жаңа астық дәнінің 3,4 тонна ұрлығы фактісі анықталды, астық күдіктінің қорасынан табылды. Күдікті 1975 жылы туған аталған кәсіпорынның механизаторы болып шықты, - делінген хабарламада.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған астық алынды, күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. 

Жаздың соңғы күнінде аталған ауданда СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының мобильді тобы егін даласынан бір шақырым жерде бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 1987 жылы туған Аққайың ауданының тұрғыны басқарған тіркемесі бар КамАЗ көлігін тоқтатқан. Ол ілеспе құжаттарсыз 22 тонна жаңа астықты алып шықпақшы болған. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша енгізілді. Шығын сомасы 2 млн теңгеге бағаланды. Күдіктіге қатысты келуге міндеттелу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Ұрланған астық алынды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын толық және жан-жақты зерделеу үшін барлық қажетті шаралар жүргізілуде. 

Егін себу және орақ науқаны кезінде ЖПІШ өткізудің бірнеше жылғы тәжірибесі қауіпсіздік механизмін үйлесімді жасауға мүмкіндік берді. Диқаншылардың жеке меншіктеріне қолсұғушылықпен байланысты жасалған қылмыстардың басым бөлігі ізін суытпай ашылады. Тайынша ауданындағы екі жағдай да осының дәлелі. СҚО-да орақ науқаны басталғаннан бері ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жасалған 10 қылмыс тіркеліп, ашылды, – деп атап өтті СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Өзгелердің жаңалығы