Астанда БАҚ туралы заң жобасы кезекті рет талқыланды

23 Ақпан 2023, 17:51
1011
Бөлісу:
Астанда БАҚ туралы заң жобасы кезекті рет талқыланды
Фото: Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Министрлік БАҚ өкілдері ортақ пікірге келуі үшін алаң ұсынды. Бұл туралы БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Жасұлан Өмірәлиев айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Елордада БАҚ туралы заң жобасы кезекті рет талқыланды. Конференцияға кабельдік телевидение операторлары мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатысты. 

Телекомпания заң бөлімінің басшысы Ольга Пехенько заң жобасы екі процесті біріктіргенін атап өтті. Олар: БАҚ өнімдерін жасау процесі, олардың қызметі және бұқаралық ақпарат құралдарын тарату процесі. 

Пехеньхоның айтуынша, ақпарат таратумен байланысты қызметтің бұл түріне телерадио хабарларын тарату да жатады. Сондай-ақ журналистер тарапынан заңның ауқымы ұлғайып кеткені жөнінде пікір айтылды.

Заңға көптеген бап пен субъекті қосылды. Біз жариялаған заң жобасына телерадио операторлары өз ұсыныстарын айтты. Телерадио операторларының саласы телеарналармен тығыз жұмыс істейді. Сол себепті бүгінгі жиында олар өзара талқылау өткізді. Біз үшін олардың арасында келісім болуы қажет. БАҚ туралы заңның ауқымына келсеңіз, мұны тек министрлік емес, құзіретті мемлекеттік органдарда оның ішінде Әділет министрлігінің де қарауынан өтеді. Сондықтан бұл диалогтан кейін қарастырамыз, - деді БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры.

Өмірәлиев сөзінше, БАҚ туралы заңға қатысты ұсыныстардың бәрі сараптамадан өтеді. Сонымен бірге жоба шетелдік сарапшылардың да қарауынан өтпек.

2 ақпанда заң жобасы жарияланды ол уақыттан бері көптеген сын-пікірлер айтылды. Сол себепті аталған мәселе бойынша шетелдік сарапшылармен кездестік. Олар өз ұсыныстарында заңның БҰҰ аясында бекітілгені дұрыс деп біледі. Әрине, бұл тараппен ымырамыз бар. Бір келісімге келгенше отырыс өткізе береміз деп ойлаймын, -деді Жасұлан Өмірәлиев. 

Өзгелердің жаңалығы