Астананың ойын-сауық мекемесі лицензиясынан айырылды

29 Қыркүйек 2022, 20:05
964
Бөлісу:
Астананың ойын-сауық мекемесі лицензиясынан айырылды

Қала аумағында "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты-қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу шараларын күшейту, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ, сағат 22.25-те Абай көшесіндегі дәмханада жүргізілген рейд барысында бардан сатып алынған "Жигулевское" алкогольдік сырасын ішкен 18 жастағы жігіт анықталды.

ҚР алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дәмхана иесіне қатысты ҚРӘҚБтК-тің 200 - бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімі бойынша алкоголь өнімін бөлшек саудада сатумен айналысуға арналған лицензияның қолданылуын бір ай мерзімге тоқтата тұрып, шамамен 86 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың басынан бері осы барда қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі бойынша 3 арыз келіп түскен. Әрбір хабарламаға полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес профилактикалық әңгіме жүргізе отырып шаралар қабылдады. 

Тәртіп сақшылары кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға заңды бұзбауды ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы