Астананың маңында бірнеше жаңа ауыл құрылады

6 Маусым 2024, 22:42
531
Бөлісу:
Астананың маңында бірнеше жаңа ауыл құрылады
Фото: baq.kz

Астана іргесінде, Ақмола облысының Целиноград ауданында Қаражар, Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин жаңа ауылдары құрылып, бұған дейін ауылдық округ болып келген Талапкер аты өзгерместен ауылға айналады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай шешімді Ақмола облыстық мәслихаты қабылдап, облыстық әкімдік қаулы етті. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында қоғамдық талқыға ұсынылды.

Қаражар ауылы ауданға қарасты Қараөткел ауылдық округінің құрамынан бөлініп шығатын болса, Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин ауылдары Талапкер ауылдық округінен бөлінеді.

Қаражар ауылы Астана қаласынан бар болғаны 3 шақырым, ал Ыбырай Алтынсарин ауылы 5 шақырым жерде орналасқан. Қажымұқан ауылының орны сәл алысырақ, 13 шақырым жерде. Аталған ауылдардың ең ірі – Қаражар ауылы, мұнда 2500-ден астам адам тұрады.

Өзгелердің жаңалығы