Астананың Е 306 көшесінде жөндеу жүргізіледі

30 Мамыр 2021, 19:14
1233
Бөлісу:
Астананың Е 306 көшесінде жөндеу жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ елордалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Сарайшық көшесінен Сығанаққа дейінгі учаскеде Е 306 көшесін жөндеу жүргізетінін хабарлайды.

Осыған байланысты осы жылдың 31 мамырынан 15 маусымына дейін Төле би көшесінің қиылысындағы ЕК-32 көшесінде автокөлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Сол сияқты мұнда жылу желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген басқарма хабарламасында.

 


Өзгелердің жаңалығы