Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, бүгінде елордада індет толастамай тұр.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде вирусқа қарсы жалғыз қорғану жолы – ол СOVID-19-ға қарсы алынған вакцинацияның толық курсы. Сондай-ақ уақтылы алынған ревакцинация. Қорғанған адамдар ғана «Омикронды» жеңіл қабылдайды. Сондықтан болар, екпе салдырғандар вакцинация мен ревакциянация алмаған адамдарға қарағанда ауруды тез жеңеді. Өйткені толық иммунизация өткен адамдарда аурудың салдары әлдеқайда жеңіл өтеді, - деді Сархат Бейсенова.
Сондай-ақ ол қаладағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің атынан эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертті.
Вакцинациялауға және ревакцинацияға шақырамыз. Оны астананың емханалары мен Абу Даби Плаза, Керуен, Азия Парк, Еуразия сауда үйлері мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалындағы егу кабинеттерінде ыңғайлы әрі жылдам жасауға болады. Біз тұрғындарымыздың саналығына сене отырып, осы орайда қоғамдық орындарда бетперде киюдің маңыздылығын ескертеміз. Ал аурудың алғашқы белгілерін байқаған сәтте, бірден оқшауланып, дәрігермен кеңесіңіздер, - деп атап өтті бас санитар дәрігер.