Астананы жабудың қажеті жоқ – ІІМ блок-бекет қою жайлы

31 Қаңтар 2024, 13:00
2787
Бөлісу:
Астананы жабудың қажеті жоқ – ІІМ блок-бекет қою жайлы
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

ІІМ басшысы Ержан Сәденов Астанаға кіреберістерде блок-бекет қоюға қатысты ұсынысқа пікірін білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда министр елордаға келушілерді азайту мақсатында блок-бекет қою қажеттігіне қатысты ойын айтты.

Біз еркін жүріп-тұрамыз. Астанаға кіруге шектеу қою – қажеті жоқ дүние. Бізде қандай да бір тәртіп бұзғандар жайлы хабардар болып отырамыз. Ол үшін барлық жағдай жасалған, күш те, құрал-жабдық та бар. Бұрын барлық жерде бақылау-өткізу бекеттері болғандықтан, біз оларды алып тастадық. Енді бұл тек негізгі магистральдарда бар, - деді Сәденов.

Оның ойынша, қаланы жабудың қажеті жоқ.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев «Астанаға блок-бекет қою керек» деп ұсыныс айтқан мәслихат депутатының пікіріне қатысты ойын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы