Астананы Нұр-Сұлтан деп атауға қарсы болған жоқпын - Елбасы

1 Желтоқсан 2020, 21:21
2733
Бөлісу:
Астананы Нұр-Сұлтан деп атауға  қарсы болған жоқпын - Елбасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Ел астанасының Түркістанға көшуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап бере келе, қазіргі астананың Нұр-Сұлтан деп атының ауысына қарсы болмағанын айтты.

Ондай әңгімелердің негізі жоқ. Бірақ айтудың жөні бар ғой. Түркістан әсіресе сол жақта тұратын, Түркістанның жағдайын білетін адамдар солай деп ойлайтын шығар. Тарихы терең, әрине. Қожа Ахмет Яссауи осында келіп, мұсылмандықты уағыздаған. Бұл түркі дүниесінің мұсылман болуына ықпал етті. Сондықтан олар сыйлайды, жақсы көреді. Әсіресе Түркиядан барлығы келгісі келеді, көргісі келеді,- дейді Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» деректі фильмінде.

Тұңғыш Президент солай болғаннан кейін, ел астанасы болса деген ойлар бар шығар деп отыр.

Бірақ қазіргі астанамызды әрі қарай ұлғайтамыз. 200 мыңдай халқы бар бұрынғы Ақмола 1 млн 200 мың халқы бар шаһар болды. Нұр-Сұлтан деген ат болды. Мен өзім мұны ұсынғам жоқ, бірақ қарсы да болғаным жоқ. Себебі, астананың әрбір тасы менің нұсқауыммен, әрбір ғимарат менің қатысуыммен салынды. Сондықтан өзіміздің Нұр-Сұлтан қаласын дамытамыз,- дейді берді Елбасы.
Өзгелердің жаңалығы