Астананы ауыстыру жайында жалған ақпарат тарады

8 Ақпан 2022, 16:23
1936
Бөлісу:
Астананы ауыстыру жайында жалған ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаевтың астананы Қостанайға көшіру туралы мәлімдегені жайлы ақпарат таралып жатыр. Бұл өтірік.

Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.

Ресми дереккөздерде мұндай ақпарат жоқ. Еліміздегі негізгі БАҚ мұндай хабарламалар жарияламаған. Елорданы көшіру туралы мәлімдеме akorda.kz ресми порталында да шықпаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында да бұл туралы жазбаған.

Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің Twitter-аккаунтында да ел астанасын Қостанайға көшіру туралы жаңалық жоқ. 
Демек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан астанасын Қостанайға ауыстыру туралы мәлімдемесі фейк.

Өзгелердің жаңалығы