Астаналық жалған шот-фактураларды жазғаны үшін сотталды

29 Наурыз 2024, 12:45
228
Бөлісу:
Астаналық жалған шот-фактураларды жазғаны үшін сотталды
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Астана тұрғыны жалған шот-фактураларды жазып бергені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан 1 млрд астам сомаға жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді жүзеге асырмай, жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ұйымдастырушы 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың маусым айына дейінгі аралықта Астана қаласында бір топ тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан «ТазалыкЭксперт» ЖШС және «Bertys Construction» ЖШС-не іс жүзінде қызмет көрсетпестен шот-фактуралар жазып берген.

Сот оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Өзгелердің жаңалығы