Астаналық спортшы шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

3 Шілде 2024, 15:12
364
Бөлісу:
Астаналық спортшы шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Белград (Сербия) қаласында 25 маусым күні басталған есту мүшесі зақымдалған спортшылар арасында шахматтан әлем чемпионатына 30 елден 128 спортшы қатысып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған додада елордалық спортшы Сұлтан Қожахметов рапид бойынша күміс медаль иеленді.

Астаналық спортшы шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қарсыластар осал емес. Дегенмен «еңбек бәрін жеңбек»! Дейтұрғанмен жарыс әлі аяқталған жоқ. Ел намысын қолдан бермей, жаңа жеңіске ұмтылатын боламын, - дейді әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сұлтан Қожахметов.

Айта кетсек, байрақты бәсеке 6 шілдеге дейін жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы