Астаналық саябақта өткен алғашқы жаппай жаттығуға жүздеген адам қатысты

27 Мамыр 2019, 21:31
1942
Бөлісу:
Астаналық саябақта өткен алғашқы жаппай жаттығуға жүздеген адам қатысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жексенбі күндері ашық аспан астында жаттығу жасау маусымы бастау алды. Кәсіпқой мамандар жетекшілік еткен жаппай жаттығуға елорда тұрғындары мен қонақтары белсене қатысты. Бұл туралы қалалық мәдениет және спорт басқармасы хабарлады. 

Fitness Park Nur-Sultan алғашқы жаттығуы өткен демалыста орталық саябақта өтті. Бұл күні ауа райы да тамаша болды. 

Шара таңғы сағат 10:00-де жаппай дене шынықтырудан басталды. Содан кейін қатысушылар жаттығуды қалаған бағыттары бойынша топ-топқа бөлініп, жалғастырды. Биыл Fitness Park Nur-Sultan шарасын ұйымдастырушылар йога, бокс, бразилиялық джиу-джитсу, Zumba, CrossFit сынды кеңінен тараған спорт түрлерін және топтық жүгіруді ұсынып отыр. Бұдан басқа, көңілді старт, стритбол және дойбы мен шахмат сынды үстел ойындарына арналған алаңдар жасалған. 

Астаналық саябақта өткен алғашқы жаппай жаттығуға жүздеген адам қатысты

Жаппай жаттығулардың бірінші маусымына қатысушыларға қолдау көрсетуге келгендердің қатарында белгілі спортшылар, спорт шеберлері мен эстрада әртістері де бар. Атап айтқанда, Индонезиядағы Азия ойындарының қола жүлдегерлері, Инчхондағы Азия ойындарының қола жүлдегерлері, Рио-де Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысқан апалы-сіңлі Александра мен Екатерина Немич, әншілер Дос, Ринат Мальцагов пен Айнұр Әбдиева және т.б. Азияның қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының Джиу-джитсу қауымдастығының жетекшісі, елордалық Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов та кілемге шығып, күш сынасты. 

«Айта кетейік, маусым басталғанша көптеген қала тұрғындары әлеуметтік желілер мен телефон арқылы саябақтардағы спорттық жаттығулар қашан өтеді деп сұрап жатты. Демек, адамдар осындай жаттығулардың болатынына дағдыланған, оны тағатсыз күтеді, әрине, бұл қуанышты жайт», - деді елордалық мәдениет және спорт басқармасындағылар. 

Астаналық саябақта өткен алғашқы жаппай жаттығуға жүздеген адам қатысты

Жексенбі күні, 2 маусымда, спорттық жаттығулар қаланың 4 саябағында өткізіледі: Астаналық, Ботаникалық бақ, Жерұйық және Жетісу. Шараға 20-ға жуық сертификатталған маман тартылды, оның ішінде Жеңіл атлетикадан спорт шебері, кроссфиттен Level 1 жаттықтырушысы, жеңіл атлетика мен кроссфиттен жарыстар жүлдегері Сергей Климов, Zumba fitness бағдарламасынан халықаралық дәрежедегі нұсқаушы Аида Байжанова, йога жаттықтырушысы, йога орталықтары желісінің негізін қалаушы Cундар Апандиан, джиу-джитсуден ұлттық құрама мүшесі, ҚР спорт шебері, бразилиялық джиу-джитсуден Әлем чемпионатының қола жүлдегері Сергей Пак, Rock Astana бокстан топтық және жеке бағдарламалар бойынша жаттықтырушы, бокстан спорт шебері, әскери қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне кандидат, ҚР және Орта Азия біріншіліктерінің көп дүркін жүлдегері Айдар Нұрбекұлы, жеңіл атлетикадан жаттықтырушы Валентин Базанов және басқалары. 

Астаналық саябақтарда спорттық жаттығулар жасау маусымы 26 мамырда басталып, тамыз айының соңына дейін жалғасады. Шара сағат 10:00-12:00 аралығында өтеді.
 


Өзгелердің жаңалығы