102 арнасына Кемеңгерұлы көшесінде белгісіз біреу әйелдің мүлкін ұрлау мақсатында оған пышақпен шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында белгісіз ер адамның кешкі уақытта жұмыстан қайтып келе жатқан 38 жастағы әйелге шабуыл жасағаны анықталды. Ол күш қолданып, оның бағалы заттарын ұрламақ болып, кейін қашып кеткен. Елордалық 14 жастағы оқушы болып жатқан оқиғаның куәгері болды. Әйелдің көмекке шақырып жатқанын естіген ол оның жанына жүгіріп барып, сол кезде досының полицияға хабарлауы үшін оған телефон шалған.
Содан кейін жасөспірім үлкен адамдардың әйелге көмектесуі үшін көліктерді тоқтата бастады. Бірнеше минуттан кейін патрульдік полиция келді.
Бала шабуыл жасаушының белгілерін сипаттап, полицияға ер адамның қай бағытта кеткенін көрсетті. Полицейлер 30 жастағы ер адамды “ізін суытпай“ ұстады. Ол УҰИ-на қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.