Астанаға арман қуып келгендердің "пропискасы" қалай шешіледі

Бөлісу:
Астанаға арман қуып келгендердің "пропискасы" қалай шешіледі
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елордаға өңірлерден жұмыс істеуге келгендердің тұрғылықты жеріне тіркелу мәселесі қалай шешілетінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл мәселе мәслихаттың құзыретінде.

Ертең қағида жазғанда осы (тұрғылықты жеріне тіркелу – ред.) мәселесін есепке алуы керек. Себебі көп адам Астанаға жұмыс істеуге келеді. Олар қажет. Олардың ішінде мұғалімдер, дәрігерлер бар. Оларды жұмысқа орналастырып, тіркеу жұмысқа шақырған компания иелерінің жауапкершілігінде болуы керек, - деп ойын айтты Жұманғарин.

Ол қағидаларды жазғанды осыны есепке алуы керегін атап өтті.

Бұған дейін елордада тіркеу мәселесіне қатысты өзгерістер болатыны жайлы жаздық. 

Өзгелердің жаңалығы