Астанадан шығатын тас жол жабылды

24 Қараша 2023, 22:16
507
Бөлісу:
Астанадан шығатын тас жол жабылды
Фото: baq.kz

Күн райының нашарлауына байланысты Астанадан шығатын трасса жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «109» қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 19.30-дан бастап «Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы» республикалық маңызы бар автожолының 1291 – 1426 шақырым аралығы, нақты айтқанда, «Астана қаласы – Теміртау қаласы» учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Ауа райының нашарлауына байланысты, қала маңына қатынайтын № 315, 316 бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қала маңына жүретін басқа бағдарлар линияда, – делінген City Transportation Systems компаниясының мәліметінде.

Өзгелердің жаңалығы