Қалалық төтенше жағдайлар департаменті елордадан шығатын жолдар кей көлік түрлеріне жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін, 7 желтоқсан күні Астанада аяз күшейді.
Түнгі уақытта ауа температурасы -31, -35 градусқа дейін суытады.
Осыған байланысты кешкі сағат 18:00-ден бастап қоғамдық және жүк көліктерінің Астана қаласынан шығатын республикалық маңызы бар барлық жолда жүруіне тыйым салынады, - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.