Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше қызметтердің мәліметінше, 2025 жылғы 16 желтоқсанда сағат 09:45-тен бастап көліктің барлық түрі үшін «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолының 18–232 шақырым аралығы, яғни Астана қаласынан Щучинск қаласына дейінгі учаске жабылды.
Бұл шектеулер жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
Жүргізушілерден сапарларын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеріп, жолдардың жағдайына қатысты ресми хабарламаларды қадағалап отыру сұралады.