Астанадан бір түнде 30 мың текше метрден астам қар шығарылды

25 Ақпан 2024, 19:39
449
Бөлісу:
Астанадан бір түнде 30 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: gov.kz

Астанада өткен түнде коммуналдық қызмет мамандары 30 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

25 ақпан күні таңертең қар күреу жұмысына 2,4 мыңға жуық жол жұмысшы, 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Коммуналдық қызмет мамандарының көмегімен 24 ақпаннан 25 ақпанға қараған түні 2300-ге жуық рейс арқылы 30,1 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Ал қыс мезгілінің басынан бері 383,4 мың рейс арқылы 5 млн 168 мың текше метр қар шығарылды.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруының қауіпсіздігі үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.

Өзгелердің жаңалығы