Астанадан бір түнде 16 мың текше метрден астам қар шығарылды

17 Наурыз 2024, 13:12
343
Бөлісу:
Астанадан бір түнде 16 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада өткен түнде коммуналдық қызмет мамандары 16 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, 16 наурыз күні таңертең қар күреу жұмысына 2,4 мыңға жуық жол жұмысшы мен 1 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылған.

Коммуналдық қызмет мамандарының көмегімен 15 наурыздан 16 наурызға қараған түні 1,2 мыңнан астам рейс арқылы 16 мың текше метрден астам қар шығарылды

Ал қыс мезгілінің басынан бері елордадан 469 мың рейс, яғни 6,3 млн текше метр қар шығарылды.

Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруының қауіпсіздігі үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.

Өзгелердің жаңалығы