Астанадан Алакөлге тальгоның алғашқы рейсі жолға шықты

16 Маусым 2023, 18:00
731
Бөлісу:
Астанадан Алакөлге тальгоның алғашқы рейсі жолға шықты
Фото: Артём Чурсинов - архив

Биыл 15 маусымда елордадан Алакөл курортты аймағы бағытында «Астана-Достық» №257/258 бағдары бойынша алғашқы пойыз жөнелтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пойыз аптасына екі рет: астанадан – жексенбі, бейсенбі сайын, Достық станциясынан – дүйсенбі және жұма сайын қатынайды. Пойызға 346 жолаушы сияды.

Бағдардың Астанадан Алакөлге дейінгі ұзындығы 1399 км. Пойыз жолда - 21 сағат 45 минут жүреді. «Тальго» пойызы Алакөлге жетудің оңтайлы жолы. Вагондар ауа желдеткіш,биодәретхана,розеткамен жабдықталған. Жолаушылар үшін vputi.kz мультимедиялық ойын-сауықтық порталы қолжетімді. Пойызда ерекше қажеттілігі бар жандар үшін гранд класындағы вагондар, вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған. Билет құны вагон класына қарай 17 мың теңгеден басталады, - делінген хабарламада.

Ал оңтүстік астанадан Алакөлге дейін «Тальго» вагондарынан құралған екі жолаушылар пойызы қатынайды:

- №211/212 «Алматы-Достық» (346 жолаушылар орны бар) күнара: Алматыдан - жұп күндері, Достықтан - тақ күндері;

- №253/254 «Алматы-Достық» (276 жолаушылар орны) күнара: Алматыдан - тақ күндері, Достықтан - жұп күндері.

Алматы мен Достықтың арасы 846 км жол, жолға кететін уақыт – 17 сағ.35 мин. Билет құны 11 мың теңгеден басталады.

«Тальго» пойыздарының арнайы орындарына ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін жол жүру құжатының жалпы құнынан 70% жеңілдік қарастырылады. Билеттерді кассадан немесе https://bilet.railways.kz сайты арқылы комиссиясыз сатып алуға болады.

Сонымен қатар Алакөл бағытында жазғы мезгілде 8 бағдар бойынша жолаушылар пойыздары қатынайды:

  • №53/54 «Астана-Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ );
  • №122/6941/6942/121 «Астана-Достық» пойызы(жеке тасымалдаушы «АрайТрансКЗ» ЖШС);
  • №221/222 «Алматы – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);
  • №22/6941/6942/21 «Алматы – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);
  • №337/338 «Алматы – Достық» пойызы (жеке тасымалдаушы «Vagon Service Almaty» АҚ;
  • №457/458 «Семей – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);
  • №459/460 «Өскемен – Достық» (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);
  • №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» қала маңы пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ)
Өзгелердің жаңалығы