Астанадағы Түркістан көшесі алты жолақтыға айналады

2 Мамыр 2021, 17:51
1839
Бөлісу:
Астанадағы Түркістан көшесі алты жолақтыға айналады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғындарға қалада қолайлы өмір сүру үшін жағдай жасаудағы басымдықтардың бірі - жолдарды салу және жөндеу, қоғамдық көлікке арналған Bus Lane желісін кеңейту, веложол құру, деп жазды елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында. 

Астанадағы Түркістан көшесі алты жолақтыға айналады
Елордадағы климаттық жағдайға байланысты абаттандыру мен жол жұмыстарын жүргізу маусымы қысқа. Жылыту маусымы 7 айға дейін созылады. Дегенмен қолайлы жағдайлар туындағаннан кейін қалада жолдарды жөндеу және аудандарды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, - деді ол.

Астанадағы Түркістан көшесі алты жолақтыға айналады

Әкімнің сөзінше, биыл бас қалада 100-ден астам көше салынып, жөнделеді. 

Өткен жылдағыдай, қаланың ескі бөлігі мен елді мекендерге баса назар аударамыз. Бүгін бірқатар көшедегі жол жұмыстарының барысымен таныстым. Мысалы, Ю.Малахов көшесінде (Р.Дүйсенбаев көшесінен Сусамыр көшесіне дейін), Космонавтов көшесінде (Қабанбай батыр даңғылынан Арай көшесіне дейін), М.Төлебаев көшесінде (Б.Момышұлы даңғылынан Р.Қошқарбаев даңғылына дейін), М.Горький көшесінде (Ж.Жабаев көшесінен Т.Мұсабаев көшесіне дейін) және т. б. ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге тағы 37 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Цирк ғимаратының айналасында жолдың орташа жөндеуі аяқталды. Ол бойынша бірнеше рет өтініш келіп түсті, - деп атап өтті Көлгінов.

Астанадағы Түркістан көшесі алты жолақтыға айналады

Ол Түркістан көшесін төрт жолақтан алты жолаққа дейін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Сонымен қатар Түркістан көшесінің бойындағы (Ұлы дала даңғылынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) бөлу жолағын қайта жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жолды төрт жолақтан алты жолаққа дейін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жазда Bus Lane жолағын іске қосамыз. Сондай-ақ сол учаскеде саябақ пайда болады. Өткен жылы, мысалы, бөлу жолағы Мәңгілік Ел даңғылы бойынша бөлшектелді. Бұл машиналар ағынын азайтуға мүмкіндік берді, - деді әкім.

Астанадағы Түркістан көшесі алты жолақтыға айналады

Қала басшысының айтуынша, сапасыз жөнделген және салынған жолдар қабылданбайды.

Астанадағы Түркістан көшесі алты жолақтыға айналады

Мердігер өз есебінен қалпына келтіреді, ал жұмысына немқұрайлы қарайтын компаниялармен келісімшарттарды тоқтатамыз. Өткен жылы 173-тен астам көшені, соның ішінде қаланың елді мекендеріндегі көшелерді жөндедік. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу саласында 4 мыңнан астам жұмысшы орны құрылды, - деп атап өтті ол.
Астанадағы Түркістан көшесі алты жолақтыға айналады
Өзгелердің жаңалығы