Астанадағы Пушкин көшесіндегі учаске уақытша жабылады

19 Мамыр 2021, 20:05
1237
Бөлісу:
Астанадағы Пушкин көшесіндегі учаске уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп Пушкин көшесінде жол жөндеу жұмыстарын бастады.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 19 мамыры сағат 13:00-ден 20 мамыр сағат 06:00-ге дейін Кенесары көшесінен Абай даңғылына дейінгі Пушкин көшесі автокөлік қозғалысы үшін жабылатын болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген басқарма хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы