Астанадағы өрт. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі барды

19 Маусым 2023, 18:40
851
Бөлісу:
Астанадағы өрт. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі барды

Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері 15 га аумақта құрғақ жердегі өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов келді. Сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 158 адамы мен 33 техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана Орманы техникасы жұмылдырылды.

Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің 2 МИ-17 тікұшағы тартылды. Өрт сөндіру штабы құрылды. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.

Өзгелердің жаңалығы