Астанадағы LRT станциясында өрт шықты

LRT-да дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатқан кезде құрылыс қоқысы тұтанған.

Бүгiн 2026, 10:53
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 10:53
Бүгiн 2026, 10:53
202
Фото: видеодан скриншот

2026 жылдың 5 мамырында түнде «Театр» жеңіл рельсті көлік станциясында өрт шықты. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Threads желісінде @aigera16.03 нигімен тіркелген астаналық тұрғынның жазуынша, өрт Нұрмағамбетов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болған.

City Transportation Systems өкілдері мәлімдегендей, «Театр» станциясының солтүстік өткеліндегі кіреберіс тобында дәнекерлеу жұмыстары жүріп жатқан кезде құрылыс қоқысы тұтанған.

2026 жылғы 5 мамырда сағат 22:18 шамасында «Театр» станциясының солтүстік өткеліндегі кіреберіс тобында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде құрылыс қоқысының тұтануы орын алды. Алдын ала себеп - жұмыс барысында ұшқынның тиюі. Өртті станцияның кезекші қызметкерлері бастапқы өрт сөндіру құралдарын қолдана отырып, жедел түрде сөндірді. Өрттің станция конструкциялары мен жабдықтарына таралуына жол берілген жоқ. Зардап шеккендер жоқ, – деп атап өтті CTS баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Астанада LRT тарифі бекітіліп, бір реттік жол жүру құны қанша теңге болғаны хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Астанада LRT қозғалысы тоқтады: Пойыздар 5 мамырға дейін жүрмейді

Астанада жеңілдігі бар LRT картасын үйден шықпай қалай рәсімдеуге болады?

LRT жүйесі іске қосылуға дайын: сынақ кезеңі аяқталды 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх