Астанадағы көшелердің бір бөлігі жөндеуге жабылды

28 Мамыр 2023, 15:05
652
Бөлісу:
Астанадағы көшелердің бір бөлігі жөндеуге жабылды
Фото: Артём Чурсинов

Қаланың Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы Молдағұлова көшесінің бойында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар қалалық полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөлімімен келісе отырып жүргізіліп жатыр. Ә.Молдағұлова көшесіндегі жөндеу Бекетай көшесінен Г.Потанинаға дейінгі аралықта басталып кетті.

Осыған байланысты 1 маусымға дейін жоғарыда аталған учаскеде көліктердің қозғалысы толығымен жабылады.

Астана әкімдігінің ресми сайтында елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағытын алдын ала жоспарлау сұралған.

Өзгелердің жаңалығы