Астанадағы EXPO Көрме орталығында жаңа жылдық жәрмеңке өтеді

2 Желтоқсан 2022, 14:42
1156
Бөлісу:
Астанадағы EXPO Көрме орталығында жаңа жылдық жәрмеңке өтеді

17-19 желтоқсан аралығында EXPO халықаралық көрме орталығында "Жаңа Жыл Fest" жаңа жылдық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мерекелік жәрмеңке-көрмеде қонақтар жаңа жылға арналған ерекше сыйлықтарды, кәдесыйларды, ойындарды, қолдан жасалған бұйымдарды, декор заттарын және басқаларын қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Сондай-ақ, жаңа жылдық тағамдардың дәмін татуға болады.

Қонақтар үшін қызықты мастер-класстар, аниматорлармен ойындар және жаңа жылдық мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Іс-шара 17-19 желтоқсан аралығында сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін ЭКСПО орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы 53/1 мекенжайы бойынша үш күн бойы өтеді.

Өзгелердің жаңалығы