Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанадағы бос орындар жәрмеңкесі: 2000-ға жуық жұмыс орны ұсынылды

15 Тамыз 2025, 08:11
435
Бөлісу:
 Астана қаласы әкімдігі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордадағы Abu Dhabi Plaza сауда-ойын-сауық орталығында Есіл ауданы әкімдігі мен Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ауқымды бос орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға түрлі салада қызмет ететін 50-ден астам компания мен ұйым қатысып, шамамен 2000 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңке жұмыс іздеушілерге әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге, сұрақтар қоюға және алғашқы әңгімелесуден өтуге мүмкіндік берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қалалық деңгейде жұмыспен қамту көрсеткішін арттыруға және тұрғындарға жаңа жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ашуға ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы