Астанада жүргізушілер жол үстінде "разборка" жасады

Астанада екі жүргізуші жол үстінде жанжалдасып, көліктерін тастап төбелеске кіріскен. Оқиға қалай аяқталды және олар қандай жаза алды?

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 20:58
Бүгiн 2026, 20:58
252
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Елорда көшелерінің бірінде екі «Chevrolet Cobalt» жүргізушісі жолға таласып, соңы жанжалға ұласты. Өзара тіл табыса алмаған олар көліктерін жол ортасына тастап, мәселені жұдырықпен шешуге кіріскен.

Ашуға бой алдырған жүргізушілердің бұл әрекеті басқа жүргізушілердің жол қозғалысын қиындатты. Алайда, «көше батырларының» бұл қылығы жазасыз қалған жоқ.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысушылардың екеуін де ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Жүргізушілерге қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Сот шешімімен екеуіне де әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх